— 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ —
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік
Есептің толық нұсқасын жүктеу
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры
негізгі мұраты қандай?
жобаларды дамыту қорының
Видео YouTube арнасында
Жетістіктерге бірге жетейік!
«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2016 жылы құрылған сәттен бастап, үнемі тұрақты негізде қолдауды қажет ететін адамдардың көп бөлігіне көмек көрсетуге арналған, ауқымды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға күш пен қаражат жұмсап келеді.
Олардың қатарында қарттар, ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектер, жетім балалар, ауыр дертке шалдыққан жандар, жас әрі дарынды мектеп оқушылары мен студенттер бар.
Қордың жұмыс тобының пайымынша, әлеуметтік қайырымдылық – бірреттік өтеусіз көмек қана емес, азаматтардың әлеуметтік және рухани игілігі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатындағы жүйелі шаруа.
Сондықтан да қор инвестициялаған жобалар жылдар бойы дамып, қанат жайып келеді.
Мысалы, соның бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарынан нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларды оңалту курстарын ұйымдастыруды көздейтін «Дені сау балалар» жобасы.
БАЛА «ДЕНІ САУ БАЛАЛАР» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 2021 ЖЫЛЫ 21 КҮНДІК ОҢАЛТУ КУРСТАРЫН ӨТТІ
1360
«Қасиетті жол» қайырымдылық қорының президенті
Гүлмира Әбілдинова
Жыл сайын аз қамтылған отбасылар мен балалар үйлерінен шыққан нейроортопедиялық бұзылыстары бар 1500-ден астам бала орталықтарға баруға мүмкіндік алды.
Біздің жобамыз табысты және ата-аналар қауымдастығында сұранысқа ие болғаны сонша, үш жыл ішінде «Samruk-Kazyna Trust» қолдауының арқасында 3 оңалту орталығына дейін өсті.
Жүздеген бала өз бетінше отыруды, жүруді, сөйлеуді, тамақтануды және ойнауды үйренді, құрдастарымен бірге мектепке барды».
«Кезінде «Дені сау балалар» жобасын айына 20 баланы қабылдайтын орталықтан бастадық.
1 850 000
-НАН АСТАМ АЗАМАТ «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН БАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ КӨМЕКПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Оның ішінде
500 000
АДАМ ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БЕНЕФИЦИАРЛАРЫ БОЛДЫ
Жалпы, 2021 жылы қордың қолдауымен Қазақстанда 32 ірі әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде көбісі коронавирустық пандемия кезінде қазақстандықтарға көмек көрсетуге және аймақтардағы әлеуметтік жобаларды кеңейтуге бағытталған.
Қазақстанның барлық өңірі
32
ірі әлеуметтік жоба
7,5 млрд ₸
қайырымдылық бағдарламасының бюджеті
«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫ 2021 ЖЫЛЫ ІСКЕ АСЫРҒАН ЖОБАЛАР
«Балаларға өмір сыйла» жобасы Қазақстанда емделмейтін ауыр дерті бар балаларға шетелдік емханаларда ем алуға көмектеседі.
«Балаларға өмір сыйла» жобасы
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
158 отбасына консультациялық көмек беріліп, 149 бала емделуге жіберілді.
КІМДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ?
Алматы облысы Қарғалы ауылының тұрғыны Жәния Ұлмағанбетова жүктілігінің 28-ші аптасында мерзімінен бұрын қыз босанған. Дәрігерлер Айша есімді сәбидің ата-анасына шала туған нәрестенің ретинопатиясы диагнозы қойылғаны туралы хабарлады. Бұл - өте ауыр көз ауруы, ол көп жағдайда шала туған нәрестелерде болады және тордың түзілуінің бұзылуымен сипатталады. Кейде ауру толық соқырлыққа әкелуі мүмкін. Айшаның жағдайында ауру 5-ші сатысында болған – екі көзде де жалпы торлы қабық ажыраулы.
«Мамыр айында тағы да Санкт-Петербургке медициналық зерттеуге, мүмкін, қайта операция жасау үшін баруымыз керек еді. Біз көмек алу үшін қорға жүгіндік. Қор бізге оң көзге қайта операция жасауға мүмкіндік берді. 20 қазанда сол көзге де қордың көмегімен қайта операция жасалды. Біз өте қуаныштымыз. Қордың арқасында әлемнің мейірімін сезіндік және қолдауды қажет ететін көптеген адамдар үшін үміт пайда болды. Қор біздің қызымыздың тағдырын жақсы жаққа өзгертуге көмектесті, әдемі дүниені көруге мүмкіндік берді. Қызымыз бізге қарап, күлгенде біз қаншалықты бақытты болатынымызды білсеңіз ғой!»,- деді Айшаның анасы.
Республиканың өңірлерінде жұмыс істеп тұрған емдеу мекемелерінің базасында оңалту орталықтарын құру. Басты міндет – церебральды сал ауруы (БЦП) және нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларды заманауи және сапалы оңалту үшін қажетті жағдайларды жасау.
«Қамқорлық» оңалту орталықтарын құру» жобасы
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
6000 бала – жоспарланған жылдық қамту көрсеткіші.
КІМДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ?
Өскемендік 15 жастағы Айзереге буындарының қимыл-қозғалысын жақсартатын ортопедиялық операция тағайындалған. Бірақ ата-анасы бұл емнен бас тартуға мәжбүр болды. Өйткені, олар қызды операциядан кейінгі толық оңалтумен қамтамасыз етуден қорықты. Олар тұратын аймақта бұл бағыттағы арнайы мекемелер болған жоқ.
Өскемендегі ана мен бала орталығында заманауи оңалту орталығы ашылғанын білген қыздың ата-анасы Айзеренің буындарын жедел емдеуге шешім қабылдады. Осыдан кейін Айзере «Қамқорлық» орталығына барып, оңалту шараларынан өтті. Енді қыз еркін және белсенді түрде қозғала алады.
«Сіздің ерекше жағдайды қажет ететін балаңыз нәтижелі ем-дом алып, алға қадам басқан кезде, бұл өмірді, тіпті жақсы көріп кетесіз», - дейді қыздың әкесі Бағлан Қасымұлы.
Жоба ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына және дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба аясында Қазақстан Республикасындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен жалпы білім беретін мектептер базасында инклюзивті білім беру ресурстық орталықтары желісін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстанда инклюзивті қоғам құру. Әртүрлі, бірақ тең» жобасы
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Осы жобаның және басқа да осыған ұқсас бастамалардың арқасында қазір Қазақстанда 83 000-нан астам «ерекше» бала білім алуда, (шамамен 76% құрайды).
КІМДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ?
«2021 жылдың қазан айында біздің орталыққа көру қабілеті нашар Ербатыр есімді бала келді. Алғашында ол қатты дыбыстардан қорқатын. Қол қозғалысын үйлестіру, ұсақ моториканы дамыту, баланы реңктерді ажыратуға үйрету үшін мамандардың көмегі қажет болды. Жұмыс Ербатырдың жеке даму жоспары бойынша жүргізілді, онда әзірлеу мен түзетудегі барлық тапсырмалар ескерілді.
«Ынтымақтастық барысында және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 15 ППТК ашылды, олар өз аймақтарында ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету бойынша көмекші мекемелер ретінде қызмет етеді және Қазақстанда инклюзивті білім беру үшін 17 ресурстық орталық ашылды».
МАРЗИЯ ЯКУПОВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КЕҢЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
СӘУЛЕ БЕКСҰЛТАНОВА, «ДАРА» ҚОРЫНЫҢ ЖОБА БАСШЫСЫ
Сабақтардың екінші циклінде мамандармен жұмыс істегеннен кейін негізгі дағдыларды қалыптастыруда айтарлықтай жақсартулар болды. Балада тактильді-сенсорлық процестер дами бастады: ол түрту арқылы әртүрлі беттерді ажырата алатын болды. Бұрын көз қимылдарын жасай алмаса, қазір визуалды гимнастикамен еш қиындықсыз айналысады. Бүгінде біздің Ербатыр көңілді әрі ашық мінезді бала. Арнайы әдістерді, формалар мен құралдарды пайдалана отырып, дұрыс сараланған жұмыс Ербатырдың әлеуметтеніп, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне септігін тигізетін оқу мен дамуға қолайлы жағдай туғызады деп ойлаймыз».
Жаңа туған нәрестелердегі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатияны тез арада емдеуге арналған медициналық жабдықтарды сатып алу және орнату.
«Бақыланатын гипотермия» жобасы
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ
Жобаны жүзеге асыру кезеңінде ауыр және орташа асфиксиямен туған және осы әдіске көрсеткіштері бар 7 жаңа туған нәрестеге терапиялық гипотермия сеансы жүргізілді. Барлық 7 бала өз отбасыларына аман-есен және аз кінәраттармен оралды.
КІМДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ?
Балқаштық Рыспек Салтанат қызының дүниеге келгенін көз жасынсыз есіне түсіре алмайды. Әдемі есімді нәресте ауыр гипоксиямен - оттегі жетіспеушілігімен туылды. Бала амниотикалық сұйықтықты жұтып қойғандықтан, өздігінен тыныс ала алмайтын.
Оқиғаның арты кинодағыдай өрбіді – ертеңіне Әдемі ұшақпен Қарағандыға, облыстық клиникалық аурухананың перинатология орталығына жеткізілді. Онда мұндай балаларға көмектесетін терапиялық гипотермияға арналған аппараттық кешен бар.
«Ол қозғала алмайтын, көзін де ашпайтын еді. Әдемі реанимация бөліміндегі гипотермия аппаратына қосылды. Бір аптадан кейін өзім Қарағандыға келдім, одан бұрын мені Балқаш перзентханасының дәрігерлері жібермей қойған», - дейді Салтанат.
Арада бір апта өткен соң Әдемі өздігінен қозғалып, дем алатын болды. Қазір жағдайы жақсы: Балқашта, анасымен бірге үйінде.
«МЕКТЕП OnLine» - мектеп оқушыларына арналған, 10-14 минуттан аспайтын тегін бейнесабақтар топтамасы жобасы. Бұл - мұғалімдерге күрделі тақырыпты қарапайым тілмен түсіндіруге жеткілікті уақыт. Ең бастысы, олар қазақстандық мектебінің бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде баяндалған.
«МЕКТЕП OnLine – тәрбиешінің орнына» жобасы
ЖОБА ТУРАЛЫ
5-11 сынып оқушыларына арналған сабақтар YouTube платформасында қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша қолжетімді, олардың әрқайсысы өз арнасымен ұсынылған – математика, геометрия, физика, химия және биология.
3 000
сабақтан аса
370 000
жазылушыдан артық
20 000 000
қаралымнан жоғары
БАРЛЫҚ БАСТАМАНЫҢ МАҚСАТЫ БІР:
Адамдарға көмек көрсету арқылы әлемді мейірімге бөлеу. Бұл қордың негізгі мақсаты.
Олардың әрқайсысымен толығырақ осында танысуға болады
Жоғарыда қор 2021 жылы іске асырған бірнеше жоба ғана ұсынылған.
«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ҚОРЫНА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
«Samruk-Kazyna Trust» қоры үкіметтік емес ұйымдардан келіп түсетін, көмекке мұқтаж қазақстандықтарға қатысты өтініштерді қарастырады.
Өтінімдерді қабылдау арналары:

— Мекен-жай бойынша жеткізу
— Электрондық пошта: info@sk-trust.kz
www.sk-trust.kz ресми сайты арқылы электрондық өтінімдерді қабылдау

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қорына 1 120 өтініш түсті.
«2022 жыл біз үшін өзгеріс әкелген жыл.
Ашық және қолжетімді болып, жұмыстың тиімділігін арттыра береміз ағайын! Серіктестеріміз саналатын барлық үкіметтік емес ұйымға алғыс білдіргім келеді. Олардың өзгеше идеяларынсыз, мәселеге бейжай қарамайтын сергек әрі жауапты көзқарасынсыз «Samruk-Kazyna Trust» қызметі мұндай ауқымды болмас еді.
Сондықтан «Samruk-Kazyna Trust» қорына сенетін және үміт жібін үзбейтін адамдардың көңілін қалдырмаймыз деген ойдамын.
Биіктерге бірге жетейік!»
«SAMRUK-KAZYNA TRUST» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
АЛЬФИЯ АДИЕВА,
Есептің толық нұсқасын жүктеу:
Ru
Kz
Eng
Байланыс ақпараты: